«Bal Tekstil» компаниясы Қазақстан Республикасында кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіретін алғашқы отандық фабрика болып табылады. Біздің фабрика кілемдерді ең озық технологиялар бойынша өндіріп шығарады және еліміздің нарығында кілем өндірісінің ең озық көшбасшысы болып отыр.
Бірегей өндіріс алғаш рет 2013 жылы Шымкент қаласында, «Ontustik» АЭА аумағында іске қосылды. Фабрика жұмыс істеп келе жатқан 10 жыл ішінде 450 ден астам жергілікті жұмысшылар жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. 100-ден астам бірегей топтамалар «Van De Wiele» өндірушісінің әлемдік көшбасшысының ең үздік станоктарында тоқылды.
Құрметті біздің корпоративтік сайттың келушілері!
Сізді өз блогымда көргеніме қуаныштымын, бұл блогта менің Сіздермен компанияның жаңалықтарымен және күнделікті болып жатқан оқиғаларымен, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісуге және әлеуметтік желілер арқылы байланыста болуға мүмкіндігім бар.
Біздің барлық қызметіміз тұтынушының сұраныстарын қанағаттандыруға, оларды назарға алуға және ынта-тілектерін орындауға негізделген. Біз әрбір тұтынушымыздың өнімдерімізге, оған қойылған бағаларға риза болуын басты назарда ұстаймыз.
Компания жоспарлау мәселесіне ерекше назар аударады, барлық жұмыстар қатаң түрде әзірленген уақыт регламенттері бойынша жүргізіледі, әрбір тапсырыс нақты жоспарланған мерзімде аяқталады.
Бізде әмбебап, оқытылған және білікті мамандар жұмыс істейді, олардың көпшілігі Түркияда өндірісте тағылымдамадан өткен және олардың жинақтаған үлкен тәжірибелері бар.
Біз серіктестеріміз бен тұтынушыларымызға айрықша көңіл бөлеміз, өйткені бұл еңбегіміздің табысты болуындағы басты басымдықтардың бірі. Осы жылдар бойы біз көптеген тұтынушылардың сеніміне ие болып, көптеген серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынас орнаттық.
Біз өз жұмысымызда: өнімнің жоғары сапасы, икемді баға саясаты, сондай-ақ тұтынушыларымыз бен серіктестерімізге деген адалдық сияқты өлшемшарттарды басты назарға аламыз. Бізбен жұмыс жасай отырып, сіз ең тиімді шарттарда жоғары сапалы өнім алатыныңызға кепілдік береміз.